Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барымыз, нарымыз": Абай Бегей келіншегіне ерекше тосын сый жасап қуантты (видео)

Опубликовано:

Абай Бегей келіншегіне гүл сыйлап жатыр
Абай Бегей келіншегіне гүл сыйлап жатыр. Видеодан кадр: instagram.com/abai_begei

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Абай Бегей келіншегіне ерекше тосын сый жасап, көңіл-күйін көтеріп қойды. Әнші әйеліне үлкен гүл шоғын сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі ерекше отбасылық сәттің видеосын Instagram желісінде бөлісті. Онда әртістің үйге оралған бойда келіншегіне үлкен гүл шоғын тарту еткенін көруге болады. Әншінің әйелі бұл тосын сыйға қатты қуанып қалды.

Абай Бегей ер адамдарды әйелдеріне көп көңіл бөліп, арасында себепсіз қуантып тұруға шақырды.

"Барымыз, нарымыз отбасымыз аман болсын. Ошақ қасы от анасы болып жүрген әйелдерімізгеде көңіл бөліп, гүл шоқтарымен қуантып қояйық! Болмаса жаңа әнімнің сөздерінен алып , жылы сөзбен қуантып қойсаңыздар болады", - деді ол.

Желідегілер ерлі-зайыптыға тәнті болып, оларға ақ тілектерін жолдаған.

"Қандай керемет отбасы", "Нағыз үлгі алар жандар. Бақытты күндеріңіз көп болсын", "Жарайсыз, ағасы. Әйелдерге көңілден басқа ештеңе керек емес. Қуантып тұру керек", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045126-barymyz-narymyz-abai-begei-kelinsegine-erekse-tosyn-syi-zasap-quantty-video/