Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Президенттің алдында ұятқа қалдық": Керменбаев пен Бақаева қызықты оқиғасын бөлісті

Опубликовано:

Салтанат Бақаева мен Нұржан Керменбаев
Салтанат Бақаева мен Нұржан Керменбаев. Видеодан кадр: Instagram/saltanat_bakayeva

Қазақстандық эстрада жұлдыздары Нұржан Керменбаев пен Салтанат Бақаева "Арнау" тобында жұмыс істеген кезіндегі қызықты оқиғасын бөлісті. Өнер иелері мемлекет басшысының алдында ұятқа қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншілер президент алдында өнер көрсетіп, өлеңнің сөзін ұмытып қалған екен. Бұл туралы Керменбаев пен Бақаева Instagram желісінде айтып берді.

"Ол кезде продюсермен жұмыс істейміз. "Алматы концерт" ұжымымының ұйымдастыруымен бірнеше эстрада жұлдызы президенттің алдында өнер көрсету керек болады. Астанаға ұшып бардық. Президенттің жақсы көретін әндерін "Арнау" тобы болып орындау керек болдық. Біз ол әндерді білмейміз. "Ақтамақ" пен "Әпитөк" деген әндер болған.

Түнімен сөзін жаттадық. Ұшақта ұшып бара жатып, сөзін әлі жаттап отырмыз. Барып өз әндерімізді айттық. Сосын жанағы әндерге келгенде сөзін ақыры ұмытып қалдық. Әнді басынан соңына дейін "на-на" деп айтып шықтық. Содан кейін "Арнау" болып президенттің алдына бармадық қой", - деді Нұржан Керменбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045131-prezidenttin-aldynda-uyatqa-qaldyq-kermenbaev-pen-baqaeva-qyzyqty-oqigasyn-bolisti/

pixel