Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Легенда бол": Қуандық Рахымнан суретке түсіруді өтінген тыңдарман көпшілікті күлдірді (видео)

Опубликовано:

Қуандық Рахым мен Альбина Шардарова сахнада ән салуда
Қуандық Рахым мен Альбина Шардарова. Фото: "Хабар" арнасы

Әлеуметтік желіде Альбина Шардаровамен суретке түсу үшін Қуандық Рахымға өтініш айтқан тыңдарманның видеосы тарады. Сахнада әншінің фотограф ретінде пайдаланған көрермені көпшілікті күлкіге қарық қылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео zhuldyzdy_news Instagram парақшасында жарияланды.

Видеода сахнада тұрған Қуандық Рахым мен Альбина Шардароваға суретке түсу үшін көтерілген тыңдарманды байқауға болады.

Алайда ол қос әншімен емес, тек Альбина Шардаровамен суретке түсіп, гүлін ұсынған. Осы кезде ол әнші Қуандық Рахымнан суретке түсіруді сұрап, ұялы телефонын ұсынады.

Бұл жағдайда Қуандық Рахым күле отырып, Альбина Шардарованы тыңдарманымен суретке түсіреді.

"Саған - гүл, маған - сәттілік. Тамаша", - деп әзілдеді Қуандық Рахым.

Желі қолданушылары Қуандық Рахымның әрекетіне сүйсінді.

"Қуандық нағыз ер азамат қой", "Сері жігіт", "Керемет", "Дұрыс қой", "Қарапайым әншілер. Ұнайды", "Легенда бол" деп пікір білдірді желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045151-quandyq-raxymnan-suretke-tusirudi-otingen-tyndarman-ony-yngaisyz-zagdaiga-qaldyrdy-video/

pixel