Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арқа сүйер азаматым бар": Некесі сәтсіз аяқталған Құралай Нұрқаділова жеке өмірі жайлы айтты

Опубликовано:

Құралай Нұрқаділова сұхбат беруде
Құралай Нұрқаділова сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Bilgen Durys

Танымал дизайнер Құралай Нұрқаділова сәтсіз аяқталған некесіне қатысты пікір білдіріп, қазіргі уақытта жеке өмірінде қандай өзгеріс болып жатқанын бөлісті. Белгілі саясаткердің қызы арқа сүйер азаматын тапқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Құралай Нұрқаділова жақында ұлын үйлендіріп, ене атанды. Дизайнер дүбірлі тойда бұрынғы күйеуі де болғанын айтты. Ол ұлының әкесімен араласып тұратынын жеткізді.

"Баламның әкесі ғой. Тойда болды. Біздің ажырасуымызға опасыздық себеп болған жоқ. Басқа нәрсе болды. Оны ашып айтпай-ақ қояйын. Менің тегім бар. Оның үстіне саясат әсерін тигізді. Саясат кәсібіме, жеке өміріме, өзіме де әсер етті. Менің қасымда болудың өзі оңай емес. Оған әркім төзе бермейді. Мен үшін бәріне дайын болған азаматтар да болды. Бірақ, мен ешкімді жолаттырмадым. Себебі, оларға кесірім тиер еді", - деді дизайнер "Білген дұрыс" бағдарламасында.

Нұрқаділова бірінші некесі сәтсіз аяқталса да, бүгінде бақытын тауып үлгерген. Ол арқа сүйер азаматын кезіктіргенін айтты.

"Қазір жеке өмірімде бәрі жақсы. Арқа сүйер азаматымды таптым. Ол мен жайлы бәрін біледі, менің жан дүниемді түсінеді. Маған жаны ашиды. Әйел болған соң, тұрмысқа шыққым келеді. Бірақ, той мәселесі белгісіз. Үлкен той жасамасақ та, жанындарымыздың арасында ғана атап өтуге болады деп ойлаймын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045167-arqa-suier-azamatym-bar-nekesi-satsiz-ayaqtalgan-quralai-nurqadilova-zeke-omiri-zaily-aitty/

pixel