Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блогер Мерей Әбілованың ұзату тойы қалай өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Мерей Әбілова мен Димаш Қашкен
Мерей Әбілова мен Димаш Қашкен. Фото: Instagram/abilovva_m

Жастар арасында кеңінен танылған блогер Мерей Әбілова сырғалым атанып, өз ұясынан ұшты. Өткен демалыста желі жұлдызының қыз ұзату тойы өткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мерей Әбілованың ұзату тойы Тараз қаласындағы бағалы мейрамханалардың бірінде өтті. Ол көптен күткен дүбірлі тойдың қалай өткенін Instagram парақшасында көрсетті.

Жұлдызды қалыңдықты ортаға әнші Жазира Байырбекова алып шықты. Блогер ару ұзату тойына қазақи нақыштағы ерекшеобразды таңдаған.

Ал той тізгіні Нұржан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаеваға берілді.

Сондай-ақ күйеужігіт ұзату тойда сүйіктісіне ғана емес, оның анасы мен әпке-сіңлілеріне де гүл шоғын сыйлаған.

Қыз ұзату тойына блогердің туған-туыстары, жақындары мен желіде танымал тұлғалар келді.

Айта кетейік, Мерей Әбілова Димаш Қашкен есімді спортшы жігіттің етегінен ұстаған. Олар осы жылдың сәуір айында мұсылманша неке қидырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045395-bloger-merei-abilovanyn-uzatu-toiy-qalai-otti-foto-video/

pixel