Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан жасы кіші жігітке тұрмысқа шыққаны үшін сынайтындарға жауап берді

Опубликовано:

Ерке Есмахан сторис
Ерке Есмахан сторис. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде отбасына бақытына әсер ететін факторлар жайлы айтты. Өнер иесі өзін жасы кіші жігітке тұрмысқа шыққаны үшін сынайтындарға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысының бірі әншіден "Жасы кіші жігітке тұрмысқа шықты дегенге не айтасыз?", - деп сұраған.

Ал өнер иесі отбасының бақытына адамның жасынан басқа да әсер ететін факторлар барын атап өтті.

"Әлемде, біздің Қазақстанда, кейбір жанұяда қандай жауыздық болып жатқанын көріп, біліп отырсыздар. Ер адамның қолынан қанша әйел, бала қорлық көруде. Бақытты болу немесе шаңырақтың шайқалуы ештеңеге қарамайтынын қалай әлі түсінбейсіздер? Қанша ес жиған, орт жасқа келген ер адам әйелінің өмірін бұзып, үзіп жатыр.

Ер адамның жұбайын аялауы, сүюі, бағалауы, аманатын қорғауы жүрегіндегі иманы мен тәрбиесіне байланысты. Ал сіздер айналып келіп әлі жасын ойлайсыздар. Ақыл жаста емес - баста", - деп жауап берді Ерке Есмахан Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045406-erke-esmaxan-zasy-kisi-zigitke-turmysqa-syqqanyn-synaityndarga-zauap-berdi/

pixel