Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі жаққа кетіп қалдық": блогер Әйгерім Абдуллаева отбасылық өмірі жайлы айтты

Опубликовано:

Әйгерім Абдуллаева мен Әділ
Әйгерім Абдуллаева мен Әділ. Фото: Instagram/aii_officiiall

Қазақстандық танымал блогер Әйгерім Абдуллаева отбасылық өмірі жайлы сыр шертіп, бастапқыда қандай қиындыққа тап болғанын айтты. Желі жұлдызы күйеуі екеуі алғаш үйленген кезде жиі ұрысып қалатынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әйгерім мен Әділ отбасылық өмірі жайлы бар шындықты "Қызық Times" бағдарламасында айтып берді.

Жас жұбайлар бастапқыда жиі ұрысқанымен, көп ұзамай татуласып алатынын айтты. Қызығы, олардың келіспеушілігі Әділдің шығармашылығын жандандыра түскендей болған. Әнші жігіттің хит болған "Госпожа" туындысы да кезекті ұрыстан кейін пайда болған екен.

"Әйгерім екеуіміз қатты ұрысып қаламыз. Сосын мен үйден кетіп қаламын. Қалада Әлішер досыммен жүрдім. Мейрамханаға бардық. Бірақ ондай жерлерде ұзақ отыра алмаймын. Ішім пысып кетіп, одан көлігін сұрап аламын. Сол кезде кездейсоқ бит қосып, "Госпожа" әнін шығарып тастаймын. Бұл ән сол кездегі күйімді толықтай жеткізеді. Негізі жүректен шыққан ән ғой. Бірінші болып досым тыңдады, сосын әйеліме барып тыңдаттым", - деді Әділ.

Әйгерім Абдуллаева жас жұбайлардың барлығы ұрыс болатын кезеңнен өтуге тиіс екенін алға тартты.

"Енді үйленген жұптарда ұрыс-керіс көп болады екен. Бастапқыда бір-бірін түсінісе алмай жатады. Сол кезеңнен сәтті өту керек екен. Бізде солай қатты ұрысып қалдық. Нәтижесінде екі жаққа кетіп қалдық. Қазір не үшін ұрысқанымыз есімізде жоқ. Сосын Әділ келіп, өлең тыңдатты. Ол кезде әлі татуласпағанбыз. Жақтырмай отырдым. Бірақ, өлең тыңдап жылап жібердім", - деді Абдуллаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045426-eki-zaqqa-ketip-qaldyq-bloger-aigerim-abdullaeva-otbasylyq-omiri-zaily-aitty/

pixel