"Мама" деген сөзін естігім келеді": актер Еркебұлан Дайыров анасының арманын орындады
Жарияланған күні:
Танымал актер Еркебұлан Дайыров анасын алғаш рет "мама" деп атады. Атасы мен әжесінің қолында өскен өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында анасының арманын орындады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Сұхбат барысында актердің анасы жан сырын ақтарып, тұңғышын ата-енесіне бергенін айтты.
"Мен босанбай тұрған кезде ата-енем "Егер біріншісі ұл болса, ол біздің бала болады. Ауызыңды ашпа" деп айтқан. Есімде, ауылға барғанда, самаурынның қасында шай құйып отырдым. Еркебұлан маған қарап отырып, томпаңдап жаныма келді. Білдіртіп қоямын ба деп, балаға қарауға шыдамым жетпеді. Ата-енемнің көңіліне де қараймын. Көзімді төмен түсіріп, балаға қарамай қойдым. Бірақ өзі сезіп, айналып алдыма отыра қалды", - деді актердің анасы Нұржамал Алимова.
Сонымен қатар Еркебұлан Дайыровтың анасы ұлының аузынан "мама" деген сөзді естуді армандайтынын жеткізді.
"Мен оған айта алмаймын. Бұл сөз жүрегінен шығуы керек қой. Бүгін бармыз, ертең жоқпыз. Сол сөзді естіп кету – арман", - деді өнер иесінің анасы.
Осыдан кейін бағдарламада Еркебұлан Дайыров анасының арманын орындап, ұялы телефон арқылы алғаш рет анасына "Мама" деп тіл қатты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045445-mama-degen-sozin-estigim-keledi-akter-erkebulan-daiyrov-anasynyn-armanyn-oryndady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.