Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"4 жыл жүк тасушы болдым": Азиз Бейшеналиев басынан өткен қиын кезеңді еске алды

Опубликовано:

Азиз Бейшеналиев
Азиз Бейшеналиев. Видеодан кадр: Youtube/Jibek Joly TV

Танымал актер Азиз Бейшеналиев жастық шағын еске алып, ел білмейтін қызықты жайттарды айтып берді. Өнер иесі актерлікке келмес бұрын төрт жыл бойы жүк тасушы болып жұмыс істеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Азиз Бейшеналиев үшінші курста Ташкенттегі оқуын тастап, арман қуып Мәскеуге көшіп кеткен. Алайда актер өзі қалағандай жоғары оқу орнына түсе алмай, күн көру үшін басқа жұмыспен айналысуға мәжбүр болған.

"1997 жылы Ташкенттен Мәскеуге қоныс аудардым. Орта Азияның білім саласына күмәнмен қарадым. Мықты актер болу үшін Мәскеуге оқуға түсу керек деп ойладым. Солай істедім. Бірақ, ешбір оқу орнына түсе алмадым. Мәскеуде оқуға түсе алмағандықтан енді мықты актер бола алмаймын деп шештім. Дегенмен әрекет етіп, күн көру керек болды. Табылған кез келген жұмысқа кірісе бердім. Бастапқыда курьер болдым. Сосын достарым бір қоймада жүк тасушының жұмысын ұсынды. Жалақысы жақсы болды. Сонымен төрт жыл бойы жүк тасушы болдым", - деді актер "Түнгі студия" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045446-4-zyl-zuk-tasusy-boldym-aziz-beisenaliev-basynan-otken-qiyn-kezendi-eske-aldy/

pixel