Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таза еңбегіміздің ақшасын қалтасына басты": Ерке Есмахан сотқа арыз жазбақ

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан жақын арада сотқа жүгінуге мәжбүр екенін айтты. Өнер иесінің сөзінше, әлдекім оның таза еңбегінің ақшасын қалтасына басып алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан өмірінде орын алған келеңсіз жағдай жайлы Instagram парақшасында тарқатып айтып берген.

"Жолдасым екеуіміз бір мәселені өзара жылы жапқымыз келген. Бірақ сотқа жүгінуге тура келіп тұр. Біздің таза еңбегіміздің ақшасын қалтасына басып алып, түк болмағандай намыссыз жүр бір еркексымақ. "Ұрлық түбі – қорлық" дегендей осы істі аяғына дейін жеткізу керек болып тұр. Басқа амал жоқ.

Қомақты соманы бізден ұрлағанын адвокатқа мойындағанымен, ақшаны орнына қоймай жүр. Енді қылмыстық іс қозғап, заңмен қудалайтын боламыз. Егер оңынан шешілмесе, бәрін айтып беремін", - деп жазды Ерке Есмахан.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045494-taza-enbegimizdin-aqsasyn-qaltasyna-basty-erke-esmaxan-sotqa-aryz-zazbaq/

pixel