Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шығармашылығым тоқтап қалды": Досымжан Таңатаров театрдағы басшылық қызметінен кетті

Опубликовано:

Досымжан Таңатаров
Досымжан Таңатаров. Фото: Instagram/dossymzhan_tanatarov

Қазақстандық танымал әнші Досымжан Таңатаров жастар театры директоры қызметінен кетті. Бұл жаңалықты өнер иесінің өзі растады. Ол шығармашылық пен қызметті қатар алып жүре алмаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Досымжан Таңатаров басшылық қызметтен кеткенін "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты. Ол жастар театрының гүлденуіне барын салғанымен, өз шығармашылығы тоқтап қалғанын жеткізді.

"Жақын күндері жарияланады. Бұл өзі жақын күндері ғана шешілген дүние. Жастар театрында, жалпы театр саласында екі жарым жыл жүріппін. Әділ Ахметовтың кезінде екі жыл орынбасар болдым. Сол уақытта Әдекенің көптеген дүниеден қолы қағылып жатты, қиналып жүрді. Бәрін өз көзіммен көрдім. Біреуіне сұранады, біреуіне қашып барады. Сосын ойлана келе театрды құрған Нұрлан ағамыз жанашыр ретінде директорлыққа ұсыныс білдірді. Өздері сенім білдіріп отырғаннан кейін қуана кеттім.

Екі жыл бойына мені сынаса керек. "Сені жақсы әнші ретінде танып білдік, енді басшылық қызметте көрсек" деп айтты. Театр жұмысын жандандыру әрі қарай дамыту үшін қолдан келгенше жұмыс істедік. Бірақ өз шығармашылығым ақсап қалғанын байқадым. Бір орында қалып қойдым. Шынымен көп жерге бара алмай қалады екенсің. Шығармашылық пен қызметті бірдей алып жүре алмайтын болғаннан кейін осындай шешімге келдім. Қазір орныма басқа адам келді", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045593-sygarmasylygym-toqtap-qaldy-dosymzan-tanatarov-teatrdagy-bassylyq-qyzmetinen-ketti/