Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келін алды": Керімбекова Айгүл Иманбаеваның отбасындағы қуанышты жаңалықты бөлісті

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева ұлымен
Айгүл Иманбаева ұлымен. Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ақбота Керімбекова өнер саласындағы әріптестерімен қалай араласатынын айтып берді. Әнші бүгінде достарының саны азайып кеткенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Керімбекова қазіргі уақытта өнер саласындағы жақын құрбысы Айгүл Иманбаева екенін айтты. Оның сөзінше, олар бүгінде әпкелі-сіңілідей араласатын болған.

"Қыздармен қонаққа барып, араласып тұрамыз. Бірақ бұрынғыдай емес. Әркімнің өз жұмысы, отбасы бар. Бұрындары күніге бас қосатын едік. Қазір ондай дүние азайып жатыр. Өнердегі жақын араласатын құрбым Айгүл. Ол - менің екінші ұлымның кіндік анасы", - деді ол.

Оған қоса өнер иесі Айгүл Иманбаеваның отбасындағы қуанышты жаңалықты айтып қойды. Әнші жақында келін түсіріп, ене атаныпты.

"Қазір оның отбасында жақсы жаңалықтар болып жатыр. Ұлы үйленіп, келін алды. Бірақ әкесі дүниеден озғаннан кейін халыққа жариялаған жоқ. Бұйыртса, тойлардың бәрі алда. Айгүл сіңілімдей болып кеткен ғой. Екеуміз бірге оқығанбыз. Ата-аналарымыз да араласты. Содан бері жақын болып кеттік", - деді әнші "Қызықты weekend" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045598-kelin-aldy-kerimbekova-aigul-imanbaevanyn-otbasyndagy-quanysty-zanalyqty-bolisti/

pixel