Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкемізді аз көрдік": Досымжан Таңатаровтың қызы оның қандай әке екенін айтты

Опубликовано:

Досымжан Таңатаров қызымен
Досымжан Таңатаров қызымен. Видеодан кадр: Youtube/Khabar TV

Қазақстандық танымал әнші Досымжан Таңатаровтың балалары тікелей эфир кезінде оған тосынсый жасап, жұлдызды әкесімен қосыла сұхбат берді. Өнер иесінің перзенттері елге танымал әртістің үйде қандай әке екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Досымжан Таңатаровтың қызы мен ұлы тікелей эфир кезінде әкесін қатты таңғалдырды. Перзенттері оған ескертпей "Ұйқым келмейді" бағдарламасына барып, асқар тауы әкесі жайлы тарқатып айтып берген.

Таңатаровтың қызы Қарагөз әкесі өнер адамы болған соң, бала кезде оны көп көрмегенін жеткізді.

"Әркім үшін әкесі ең жақын адамы. Бала кезімізде әкемізді аз көрдік. Түнде келгенде біз ұйықтап жатамыз. Таңертен қосымшаларға кетіп қаламыз. Көбіне телевизордан, сахнадан көріп тұрдық. Бірақ сонда да тәрбие жағынан ешқашан құр қалған емеспіз. Әкеміз ешқашан бетімізден қағып, бірдеңеден шектеген емес. Қалаған білімімізді беріп, қалаған жерге алып барды. Қазақстанның іші болсын, шетел болсын. Шүкір осындай әкемнің барына. Мен үшін ең жақсы адам", - деді Қарагөз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045619-akemizdi-az-kordik-dosymzan-tanatarovtyn-qyzy-onyn-qandai-ake-ekenin-aitty/

pixel