Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерекше образдағы Салтанат Бақаева елді таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

Салтанат Бақаева
Салтанат Бақаева. Фото: Instagram/saltanat_bakayeva

Қазақстандық танымал әнші Салтанат Бақаева желіде жаңа образын көрсетіп, қалың көпшілікті таңғалдырды. Өнер иесінің видеосы қызу талқыланып жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы Instagram-парақшасында жаңа образдағы видеосын жариялап, оқырман назарын аударды.

Жанкүйерлерін әр кез таңғалдыратын Бақаева бұл жолы кореялық образды таңдаған.

Кореялық арудың кейпіне енген отандық әншінің образы көпшіліктің көңілінен шыққан. Желі қолданушылары тәнті болып, жарыса пікір жазған.

"Керемет, өте ерекше", "Сіз қандай образ таңдасаңыз да жараса кетеді", "Нағыз хас сұлудың өзі", "Салтанат, мына образ тура сізге арналғандай екен. Бірақ сіз бояусыз да сондай әдемісіз", "Танымай қалдым. Шынымен кореялық ару екен деп ойладым", - деп жазған оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045663-erekse-obrazdagy-saltanat-baqaeva-eldi-tangaldyrdy-video/