RU
Шоубиз
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Құдалық кезінде көрпеге жатып аунаған Айдарбековтер желіде қызу талқыға түсті (видео)

Жарияланған күні:

Гүлзира мен Нұртас Айдарбековтер көрпеге аунап жатыр
Гүлзира мен Нұртас Айдарбековтер көрпеге аунап жатыр. Видеодан кадр: Tik-tok/naimankaa077

Әлеуметтік желіде Гүлзира мен Нұртас Айдарбековтердің құдалық кезінде көрпе жамылып жатқан видеосы тарап, елдің қызу талқысын тудырды. Желідегілер ерлі-зайыптының әрекетіне жарыса пікір білдіруде, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың ата-анасының құдалықтағы видеосы Tik-tok желісінде жарияланды. Бейнежазбадан олардың құдаларға арналған ақ көрпеге жатып, аунағанын көруге болады.

Ерлі-зайыптының әрекеті желіде бірден қызу талқыға түсті. Оқырмандардың бірі оларды сынап жатса, енді бірі олардың үнемі көңілді жүретініне тәнті болған.

"Не салт шығарып алған?", "Осындай салт туралы естімеппін. Қазақтардың шығармайтыны жоқ", "Сондай тамаша жұп. Әрқашан осылай қуанып жүре беріңіздер", "Қарапайым жандар. Еш жалғандық жоқ. Бақыт деген осы", "Құдалықтың осы жері бір қызық", "Бірнеше рет қайталап көрдім. Күлкімді тоқтата алмай жатырмын", "Құдалықтарыңыз мың жылдық болсын", - деп жазуда желі қолданушылары.

Айта кетейік, аталмыш видеоның нақты қай кезде түсірілгені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2045680-qudalyq-kezinde-korpege-zatyp-aunagan-aidarbekovter-zelide-qyzu-talqyga-tusti-video/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 1

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

кулихан

Осындайды былтырАстанада құдалыққа келгендер,әкелген кілемдеріне біздің жақтың да құда-құдағи болған кісілерді аунатты.Өзіміз қайран қалдық,біздің Семей жақта ондсй жоқ.

Comment reaction
jitsu gif