Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Daricorn мен блогер Дархан Жолшыбеков гендер-пати жасады (видео)

Опубликовано:

Daricorn мен Дархан Жолшыбеков
Daricorn мен Дархан Жолшыбеков. Фото: Instagram/daricorn.rr

Жастар арасында аса танымал әнші Daricorn мен блогер Дархан Жолшыбеков гендер-пати жасап, екінші сәбиінің жынысын анықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдызды жұп гендер-патидің қалай өткенін Instagram парақшасында көрсетті. Олар болашақ нәрестесінің жынысын Алматының әсем жерлерінің бірінде анықтаған. Daricorn сәбиінің қыз болғанын қалап, шараға қызғылт түсті көйлек киіп келген.

Гендер-патиға ерлі-зайыптының жақындары мен достары қатысқан. Олар мерекелік шараға барынша атсалысып, Darіcorn мен Дархан Жолшыбековтың екінші сәбиінің жынысына қатысты ойын бөлісті.

Гендер-патиден жұлдызды жұптың отбасында қыз бала дүниеге келетіні белгілі болды. Жиналған көпшілік ерлі-зайыптыны ққұттықтап, ақ тілегін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045775-ansi-daricorn-men-bloger-darxan-zolsybekov-ekinsi-sabiinin-zynysyn-anyqtady-video/

pixel