Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қателестім": Байзақова бастапқыда күйеуі жайлы қандай ойда болғанын ашып айтты

Опубликовано:

Айжан Байзақова күйеуімен
Айжан Байзақова күйеуімен. Фото: Instagram/bayzakova

Атышулы блогер әрі актриса Айжан Байжақова күйеуімен алғаш танысқан кезде оған аса сенбегенін айтты. Желі жұлдызы оны қыз баласын ренжітетін азаматқа ұқсатып,таңдауынан қателесуге қатты қорыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Байзақова бастапқыда сүйіктісіне сенімсіздік танытқанымен, уақыт өте келе ойын өзгерткен. Блогер ару ғашығын жақын тани бастаған соң, ол туралы қате пікірде болғанын түсінді.

"Нұрбекті алғаш көрген кезде сенімсіздік болды. Көп күлмейтін, көп сөйлемейтін еді. Оның үстіне сақалы бар. Сондай-ақ қалжындасқанын да байқамадым. Сол кезде оны әйел затын ренжітіп қоятын азаматқа ұқсатқаным рас. Бірақ өмір шын мәнінде кім ондайға бара алатынын көрсетті. Негізі бастапқыда ақкөңіл болып көрінетіндерден қорқу керек екен.

Екеуіміз жақын білісіп бастағанда оған өз талабымды бірден айттым. Мен өзіме деген дөрекілікке шыдамайтынымды жеткіздім. Ол менің қорғаным болғанын қаладым.

Қазіргі кезде біздің қарым-қатынасымыз мінсіз деп айта алмаймын. Біз бір-бірімізге ашулана аламыз, мен ренжіп қала берем, бөлек бөлмеге кетіп қалатынымыз бар. Бұл барлық адамдарда кездесетін жайт деп ойлаймын. Бірақ, шүкір менің жолым болды. Бастапқыда ол туралы басқа ойда болып қателескен екенмін. Ол мені ренжітпейді. Бүгінде оған сенімдімін. Сол себепті мен де ол үшін жақсы жаққа қарай өзгерудемін. Біз бір команда болуымыз керек. Бір-бірімізді қорғаумыз керек", - деп жазды актриса Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045777-qatelestim-baizaqova-bastapqyda-kuieui-zaily-qandai-oida-bolganyn-asyp-aitty/

pixel