Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көпшілікке танымал "Азия" тобы қазір қайда жүр

Опубликовано:

"Азия" тобы
"Азия" тобы. Видеодан кадр: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Танымал "Азия" тобы осыдан бірнеше жыл бұрын хит әндерімен көпшіліктің көңілінен шықты. Алайда соңғы уақытта ел назарынан тыс қалған топ мүшелері қазір қайда жүргенін "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

""Опмай-Опмай әнінен кейін "Кредит" әні шықты. Кейін Qanay-мен бейнебаян түсірдік. Оның қаралымы 10 млн. Оны хит деп қалай айтпайсыздар?

Әнді халыққа жақсы көңіл-күй сыйласа деген ниетте шығарамыз. Оның хит болатынын немесе болмайтынын таңдайтын халық қой. Қазір "Дәу-дәу-дәу" әні шықты", - деді топ мүшесі Ербол Шарипов.

Сонымен қатар "Азия" тобы өздері жайлы ел арасында тараған қауесетке жауап берді.

""Азия" тобы тарады деген қауесет бұрыннан тараған. Топ тараған жоқ. Біз 20 жылдыққа дайындаламыз. Біз хит шығаратын көлік емеспіз. Тірі адам болғаннан кейін шабытымыз халықпен үндеседі немесе болмай қалады. Біресе әнің хит болады. Біресе болмай қалады.

Ең бастысы, ниетіміз түзу. Әрдайым көңіл-күй сыйлағымыз келеді. Топтың тарайтын ойы жоқ. О баста "бауырмыз" деп құрылғанбыз", - деді топ мүшелері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045809-kopsilikke-tanymal-aziya-toby-qazir-qaida-zur/

pixel