Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Наркенже Серікбаева: Жолдасымнан айырылған сәтімді айтып жеткізе алмаймын

Опубликовано:

Наркенже Серікбаева күйеуімен
Наркенже Серікбаева күйеуімен. Видеодан кадр: Instagram/narkenjeserikbaeva

Қазақстандық танымал әнші Наркенже Серікбаева күйеуінің қазасынан кейін біраз уақыт бойы ел көзіне көрінбей кетті. Өнер иесі бұл аралықта қайғысын еңсеріп, өміріндегі ең ауыр кезең жайлы ән жазып шығарған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Наркенже Серікбаева Instagram парақшасында қайғысына ортақтасып, қолдау білдірген көпшілікке алғысын айтты.

Әнші өміріндегі ауыр кезеңді, ішіндегі қайғысын өлең жолдары арқылы жеткізуді жөн көрген.

"Құрметті менің тыңдармандарым. Сіздерден келген толассыз хаттарды көріп отырмын. Аллаға сансыз шүкір арқа сүйер елім барда мен бармын, сіздердің дұға тілектеріңізбен өзімді тіктеп келе жатырмын. "Өмір бар жерде өлім бар" деген дана бабаларымыз. Жолдасымнан айырылған сәтімді айтып жеткізе алмаймын. Сенің дегенің емес, Алланың дегені болады ғой. Алла басыма сондай сынақ берді. Менің қайғыма ортақтасып қайғымды сейілткендеріңізге көп рахмет! Жақында ағаларымның "Тағдыр" атты әнін алдым, осы әнімді сіздермен бөліскенді жөн көрдім.

Бақыт Беделқан айтқандай: Мен туғанда-ақ өлім жазасына кесілгем, Есейе келе шығып кетіпті есімнен. Жаным шырылдап, тәнім тұншығып жатқанда Есіме қайта сен салып едің, есіл-дем! Деп өзімді әнмен жұбаттым. Кезінде Кенен атамыз Базар мен Назардан айрылып үйінен шықпай жатып қалғанда, Оспанқұл келіп өлеңдетіп орнынан тұрғызғанын білеміз ғой, сол секілді менде осы әнімен сөзі келіскен әнді орындадым", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045837-narkenze-serikbaeva-zoldasymnan-aiyrylgan-satimdi-aityp-zetkize-almaimyn/

pixel