jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "10 млн теңге жұмсадым": Блогер "NNN" жаңа жасын дүркіретіп атап өтті

    блогер NNN
    Нұрдәулет Бектұрсын. Скриншот: "Taboo" бағдарламасы

    "NNN" лақап атымен танымал қазақстандық блогер Нұрдәулет Бектұрсын туған күнін әдеттегідей жоғары деңгейде атап өтті. Желі жұлдызы жаңа жасын тойлауға 10 млн теңге жұмсаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "NNN" туған күнін оңтүстік астананың қымбат мейрамханаларының бірінде атап өткен. Блогерді жаңа жасымен жұлдызды достары құттықтап келді. Олардың арасында Ләйлә Сұлтанқызы, Жан Мұқанов, Сабина Алтынбекова, Артур Давлетьяров, Қанай, Анель Кенжебекова, Мақсат Мамраимов және бірқатар танымал блогер болды.

    Кеш тізгіні әзілкеш Қабдол Тлековке берілді. Ол мерекелік шараға еркін форматта өткенін айтты.

    Оған қоса кеш қонақтарынан "Black and White" тематикасын ұстану талап етілді.

    "Биыл басқаша стильде көрдік. Қонақтарға фуршет жасадық. Дастархан болмады. Достарымның бәрі өзім сияқты қарапайым болғандықтан қазақи тағамдарды ұсындық. Ерекшелігі - тілек айтылмайды. Бұл туған күніме 10 млн теңге қаражат жұмсадым" , -деді Нұрдәулет Бектұрсын НТК арнасына берген сұхбатында.

    "10 млн теңге жұмсадым": Блогер "NNN" жаңа жасын дүркіретіп атап өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.