Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Тамирис тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны жайлы бейнебаян түсірді (видео)

Опубликовано:

Тамирис Жанғазиева
Тамирис Жанғазиева. Видеодан кадр: Youtube/Shanyraq

Қазақстандық актриса әрі әнші Тамирис Жанғазиева көпшілікке тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны жайлы ашып айтты. Өнер иесі көпшілікке өткен өмірі жайлы шындықты баяндайтын бейнебаян ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бейнебаяндағы басты кейіпкер – отбасында зорлық-зомбылық көріп, аман қалған Тамиристің өзі.

"Бұл шығармада орындаушы өзінің жеке басынан өткен ауыр жағдайды – эмоционалдық, физикалық зорлық-зомбылық пен бопсалауды, қиянатқа негізделген қарым-қатынас жайында баяндайды. Клип басты кейіпкерді ұрып-соғып, өміріне қауіп төндіретін көріністі көрсетуден басталады.

Актрисаның қолындағы кәдімгі тыртық пен көзіндегі жасты сипаттаған түсірілімдердің барлығы - әншіге жасалған нағыз зорлық-зомбылық әрекеттерінің нәтижесі", - деп жазған бейнебаян авторлары.

Сонымен қатар бейнебаянда Тамиристің қолындағы тыртықты көруге болады. Бұл жасанды бояу емес, Тамирис басынан кешкен зорлық-зомбылықтан қалған із екені айтылады.

Клипте Тамиристің өмірінде болған оқиға және оның соңғы қарым-қатынасынан кейінгі ұзақ үнсіздігі баяндалады.

Бейнебаянда физикалық немесе эмоционалды түрде қиянаттың кез келген түріне ұшырағанда қарым-қатынасты одан әрі сақтауға тырыспау керектігі жайлы айтылады.

Желі қолданушылары актрисаға қолдау білдіруде.

"Жарайсың", "Мұны жеткізу де оңай емес", "Сен мықтысың", "Көзіме жас келді", "Бұл тақырыпты көтергенің үшін рахмет", "Қазақ қыздары мықты", "Өте ауыр", "Әр қыз осы қиындықтан өткен шығар", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045868-aktrisa-tamiris-turmystyq-zorlyq-zombylyqqa-usyragany-zaily-beinebayan-tusirdi-video/

pixel