Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуекел Мүсілім достарымен бірге қажылыққа барды (видео)

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім Меккеде
Тәуекел Мүсілім Меккеде. Видеодан кадр: Instagram/mussilim

Қазақстандық танымал актер Тәуекел Мүсілім достарымен бірге Меккеге қажылық парызын өтеуге барды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі қасиетті мекенге аттанғанын Instagram парақшасында хабарлады.

"Жүрек тыныштық табатын жер. Сіздерге де осы жерге келу жұғысты болсын", - деп жазып қойды өнер иесі Меккедегі видеосының астында.

Тәуекел Мүсілім бұл сапарға жұлдызды достары Бауыржан Сатов пен Айдос Мұқановпен бірге барған. Өнер өкілдері желіде Меккедегі суреттері мен видеоларын жариялап, өз әсерін бөлісуде.

Желі қолданушылары актерлерге тәнті болып, оларға ақ тілектерін жолдаған.

"Жарайсыңдар. Ниеттерің қабыл болсын", "Қандай тамаша, әрқайсымыз осы жаққа баруға асығу керекпіз", "Барлық тілектерің Алла құлағына шалынсын", "Бізге де осындай сапар бұйырсын", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045966-tauekel-musilim-dostarymen-birge-qazylyqqa-bardy-video/

pixel