Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыздарымның тырнағына татымайды": Айсәуле Бақытбек ұлды болуға кеңес беретіндерге жауап қайтарды

Опубликовано:

Айсәуле Бақытбек
Айсәуле Бақытбек. Фото: instagram.com/aissaulebakytbek

Блогер Айсәуле Бақытбек биыл екінші қызын дүниеге әкелген болатын. Ол желіде өзіне ұлды болуға кеңес беретіндерге жауап қайтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сізге де енді ұлды болу керектігі жайлы айтады ма?", - деп сұрады желі қолданушысы блогерден.

Ал Айсәуле Бақытбек екі мұрагері барын айтты.

"Иә. Маған қыздарымнан артық ешкім жоқ. Олар - әлемдегі ең керемет жаратылыс. Алла өзі сыйлаған қыздардан кейін қалай басқа нәрсе сұрауға болады? Жүз ұл қыздарымның тырнағына татымайды. Егер менде таңдау мүмкіндігі болса, қайта-қайта қыздарымды таңдар едім. Мен қыздарым тегін жалғастыруға лайық деп санаймын.

Біздің бір емес, екі мұрагеріміз бар. Құдайға шүкір", - деп жазды Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында.

Айсәуле Бақытбек
Айсәуле Бақытбек. Сторис: instagram.com/aissaulebakytbek

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045991-zuz-ul-qyzdarymnyn-tyrnagyna-tatymaidy-aisaule-baqytbek-uldy-boluga-kenes-beretinderge-zauap-qaitardy/

pixel