Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көп нәрсе үйретіп кетті": Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарды әкесіз тәрбиелеудің қиындығын айтты

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: Instagram / @sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі өмірден өткен соң, ұлдарының тәрбиесі өз мойнына түскенін айтты. Ол енді жауапкершілік артқанын алға тартып, балаларды әкесіз тәрбиелеудің қиындығын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарының тәрбиесіне қатысты "Ұйқым келмейді" бағдарламасында сыр шертті. Айтуынша, күйеуі тірі кезінде перзенттеріне көп нәрсе үйретіп кеткен.

"Ұлдарды ер адамсыз тәрбиелеу мәселесі жайлы айтатын болсақ. Әйелдерге бұл қиын емес, тек салмақ түсіреді. Қайреке ұлдарына көп нәрсені үйретіп кетті. 8-9 жасынан бастап үлкендерше әңгіме айтатын болды. Ер адамға қажет ақпараттарды өзі бөлісетін. Біз өзара келісіп алғанбыз. Мен айта алмайтын тақырыптарды әкесі өзі айтатын. Бі күні үйге келсем, ұлдарымен моншада сөйлесіп отыр екен. Сұрап қалсам, "еркектерше әңгіме айтып отырмыз" дейді. Қайреке енді көп нәрсені айтып, үйретіп үлгерді. Қазір болса ағалары бар. Бүгінде балалар ерте жетіледі. Бәрін ашық талқылайтын заманда ұлдар да өз пікірлерін еркін айта алады. Маған келіп, қай қыз қай қасиетімен ұнайтынын айтып отырады.

Сомен қатар әкесі кіші кезінен ұлдарын тазалыққа үйретті. Өзі сондай болған соң, балаларының да сондай болғанын қалады. Ұлдарым кезінде әкелері үйде жоқта аяқ киімді лақтырып тастайтын еді. Енді міне ер жетіп, аяқ киімдерін дұрыстап қойып, таңертенге дайындайтын болған. Менімен тағдырлас қыз-келіншектерді түсінемін. Бұл кезде жауапкершілік артады. Әрине, қиын. Бірақ өмір жалғасуда. Баланы тәрбиелеу керек. Екі есе көп жұмыс істеу керек" , - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046023-kop-narse-uiretip-ketti-laila-sultanqyzy-uldardy-akesiz-tarbieleudin-qiyndygyn-aitty/

pixel