jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Блогер Дархан Жолшыбеков ата-анасына 80 млн теңгелік тосынсый жасады (видео)

    Дархан Жолшыбеков
    Видеодан кадр: Youtube/НТК

    Жастар арасында аса танымал блогер Дархан Жолшыбеков ата-анасына жасаған сыйын көпшілікке көрсетті. Ол Instagram парақшасында әке-шешесіне 80 млн теңгелік пәтер алғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Анамның арманын орындадым. Алматының төрінен 80 млн теңгеге пәтер алдым.

    Ана-әке, қоныс құтты болсын", - деді блогер.

    Видеодан Дарханның ата-анасының көзін байлап, сыйға алған пәтерге апарғанын көруге болады.

    Ал олардың көзін ашқаннан кейін әке-шешесіне үйдің кілтін табыстайды.

    Видеода блогердің анасы баласы мен келініне батасын беріп, алғыс айтады.

    Желі қолданушылары видеоға пікір білдіріп, блогерді құттықтады.

    "Жарайсың", "Керемет", "Балалар қуантып жүре берсін", "Балаң жақсы болса, жердің беті жақсы. Балаңа жаман болса, жердің асты жақсы деген осы ғой", "Берекелі үй болсын", - деп жазды желідегілер.

    Блогер Дархан Жолшыбеков ата-анасына 80 млн теңгелік тосынсый жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.