"Бір көргеннен ұнаттым": Руслан Нұрман әйелімен алғаш танысқан кезін еске алды
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал актер Руслан Нұрман келіншегі Жәудір Сарыпбековамен қалай танысқанын айтып берді. Өнер иесі оны бір көргеннен ұнатып қалыпты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Өнер өкілдерінің таныстығы театрдан басталған. Руслан Нұрман жас актрисаны бір көргеннен ұнатып, алғаш танысқан күні оған алып қашатынын айтқан.
"Театрдағы жігіттер жаңадан қыз келгенін айтып қалды. Барсам боянатын жерде басқа қыздармен бірге отыр екен. Қастарына барып, танысып алдым. Сосын қалжыңдап, Жәудірге "сені алып қашып кетемін" дедім. Бір көргеннен ұнаттым. Бір көргеннен жүрегіме жылу сыйлады. Бірден жақын тарттым өзіме. Сол "алып қашам" деген кезде періштелер "әумин" деген ғой. Сосын екі жылдан кейін үйлендік. Алып қаштым. Бірақ, ата-ана рұқсатымен алып қаштым", - деді актер "Менің өмірім" бағдарламасында.
Айта кетейік, бүгінде Руслан Нұрман мен Жәудір Сарыпбекова үш баланы тәрбиелеп отыр. Олардың екі ұлы мен бір қызы бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046114-bir-korgennen-unattym-ruslan-nurman-aielimen-algas-tanysqan-kezin-eske-aldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.