Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қылышбек қызғанып қалды": Күйеуімен шараға келген Дариға Бадықова әзілімен жұртты сүйсіндірді

Опубликовано:

Дариға Бадықова мен Рүстем Жаныаманов
Дариға Бадықова мен Рүстем Жаныаманов. Фото: Instagram/dariga_badykova

"Келінжан" сериалында Қылықшбектің рөлін сомдаған Рүстем Жаныаманов телехикаядағы "жары" Дариға Бадықованы өзге актерден қызғанып қалды. Ол көпшілік алдында актрисаға өз ренішін білдіріп, елді күлкіге қарқ қылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Рүстем Жаныаманов Дариға Бадықова мен Олжас Абай әділқазы болып отырған шараға ойламаған жерден келіп, көпшілікті таңғалдырды. Актер қолындағы гүлшоғын тарту етіп, сериалдағы әйеліне өкпесін жеткізді. Ол Бадықованың Олжас Абаймен бірге кино түсіріп кеткенін есіне салды.

"Эх Айсара, велосипедті мотоциклге ауыстырдым дейсің ғой. Жаным, сол өлеңді мен де айтар едім ғой. Менің де даусым бар ғой. Менің де опасыздық жасауыма болар еді. Қанша сәт болды. Бірақ мен саған адалмын ғой. Не істесең де, қайда жүрсең де аман бол. Мен сенің әрбір бастамаңа қуанамын. Ал Олжасқа сәттілік", - деп әзілдеді Жаныаманов.

Одан кейін сахнаға Дариға Бадықованың өмірдегі күйеуі шықты. Ол заңды келіншегін қызғанып, оған таңдау жасауды ұсынды. Актрисаның жолдасы қолына қылыш пен гүл ұстап шыққан.

"Дариға, не болып кетті мынау? Бажаларым көбейіп кетті ғой. Дариға сен де бір таңдау ғана бар. Не өмірдегі күйеуіңді таңда, не өнердегі күйеуіңді таңда", - деді ол.

Жиналған көпшілік актерлердің әзіліне тоқтамай күліп, оларға қошемет көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046118-qylysbek-qyzganyp-qaldy-kuieuimen-saraga-kelgen-dariga-badyqova-azilimen-zurtty-suisindirdi/

pixel