Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал "Нұрлан мен Мұрат" тобының әншілері қазір қайда

Опубликовано:

Нұрлан мен Мұрат
Нұрлан мен Мұрат. Видеодан кадр: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Көпшілікке "Шашы ұзын қыз", "Жаулап алды махаббат" секілді әндерімен танылған "Нұрлан мен Мұрат" тобының құрылғанына биыл 25 жыл толған. Қос әнші "Ұйқым келмейді" бағдарламасында жаңалығын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші Нұрлан Әміровтің айтуынша, ол жақында "Бастар мен жастар" атты ән кешін өткізбекші

"Көп әншілер неге бұл жобаны бастадыңыз дейді. "Бұрынғы үлкен кісілердің әні жақсы еді. Қазір жастардың әні түсініксіз" дейді. Сондықтан үлкен кісілердің концертіне - үлкендер, жас әншілердің кешіне тек жастар барады. Осы стереотипті жою үшін жасалды", - деді Нұрлан Әміров.

Ал топ мүшесі Мұрат Қожа келесі жылы топтың Қазақстан өңірлерін аралап, концерт беретінін атап өтті.

"Биыл топтың құрылғанына 25 жыл. Алайда биыл кеш өткізіп үлгермейміз. "Бастар мен жастар" кеші бітсін. Келесі жылы Қазақстанның өңірлерін шаршап шықсақ дейміз. Жаңа ән айтамыз деп айтпай-ақ қояйық. Нұрлан мен Мұраттың орындауында үш альбом бар.

Автобиографиялық фильм түсіру жоспарда бар. Концертті жасамас бұрын, соны дайындау керек. Оған әлі ойланып жатырмыз. Оңай нәрсе емес. Бұл ой баяғыдан бар", - деді Мұрат Қожа.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046228-tanymal-nurlan-men-murat-tobynyn-ansileri-qazir-qaida/

pixel