"Жүрегінің 50 пайызы ғана жұмыс істейді": "Нұрлан мен Мұрат" тобының әншісі денсаулығы туралы айтты
Жарияланған күні:
Танымал топ "Нұрлан мен Мұрат" тобының әншісі Нұрлан Әміровтің жүрегіне батарея қойылған. Өнер иесінің жұбайы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында әншінің денсаулығына қатысты бар шындықты ашып айтты, деп жазды KAZ.NUR.KZ.
"Менен 19 жас үлкен болса да, жас айырмашығы сезілмейді. Қарсы шыққандар болды. Жүрегінің ақауы бар. Жүрегінің кардиостимуляторы бар. Ол кісі екі рет инфаркт алған. "Жүрегін ауыстыру керек" деп айтқан жағдай да болды. Біздің жүрегіміз 100 пайыз істесе, оның жұмысы тек 50 пайыз жұмыс істейді. Қатты ауырып, "Дайындалыңыз" деген уақыт та болды", - деді әншінің жұбайы Диана Смағұлова.
Ал өнер иесі жұбайының сөзін растап, қазіргі таңда жүрегіне батарея қойылғанын айтты.
"Алла "Жыласаң жас берем, ойласаң - бас берем" дейді екен. Ойланып, бәрі тамаша, бәрі керемет деп жүру керек екен. Шынымен, біраз ауырдым. Маған "Жүрегіңді ауыстырасың" деп те айтты. Жүрекке пломба, темір салып қояды екен.
Иә, бәрі рас. Шынымен белгісіз деді. "Қалуың да, кетуің де мүмкін" деді. Жігіт болсақ та, көзімізге жас келіп жыладық. Өмірді қимайды екенсің. Өмірімді кішкене ұзартатын болса, темір салуға да дайын болдым. Қазір жүрегіме батарея орнатып қойды. Аппаратты терінің астына тігіп қояды. Өзіме білініп тұрады. Біреуін жүректің астына, біреуін үстіне қойды. Сол пульс беріп тұрады. 7 жылда бір ауыстырады", - деді Нұрлан Әміров.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046233-zureginin-50-paiyzy-gana-zumys-isteidi-nurlan-men-murat-tobynyn-ansisi-densaulygy-turaly-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.