Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дина Төреәлі: Бұл жағдайда дұғадан басқа қолдан келетін амал болмай тұр

Опубликовано:

Фариза мен Дина Төреәлі мейрамханада
Фариза мен Дина Төреәлі мейрамханада. Фото: Instagram/tattti_kyz

Отандық танымал блогер әрі кәсіпкер Дина Төреәлі туған әпкесі Фаризаның жағдайына қатысты пікір білдіріп, барша қолдап жатқан көпшілікке алғысын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғалидің кіші қарындасы отбасында болып жатқан жайтты ауыр қабылдаған. Ол әпкесінің денсаулығы сыр бергенін естігелі бері түсініксіз әлемде өмір сүріп жатқандай күй кешкенін айтты.

Дина Төреәлі әпкесі үшін дұға етіп, қолдауын білдіріп жатқан жандарға алғысын жеткізді.

"Соңғы бір апта түсініксіз әлемде өмір сүріп жүргендеймін. Соңғы жаңалықтардан хабарларыңыз бар шығар. Көптің ьілегі мен дұғасы қабыл дейді. Бізбен бірге уайымдап, дұға етіп жандарға Алла разы болсын. Бұл жағдайда дұғадан басқа қолдан келетін амал болмай тұрғаны", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Фариза Төреәлі желіде денсаулығы сыр бергенін хабарлап, елді алаңдатып қойған еді. Бүгінде ол Түркияда онкология бойынша тексеріліп жатқанын ашық айтты. Сөзінше, нейроэндокринді ісікке күдік бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046259-dina-toreali-bul-zagdaida-dugadan-basqa-qoldan-keletin-almai-bolyp-tur/

pixel