Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бейнетке жаралған екен": Заттыбек Көпбосынұлы әкесі жайлы жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Заттыбек
Заттыбек. Видеодан кадр: "Мархабат" бағдарламасы

Әнші Заттыбек Көпбосынұлы отбасы жайлы еш жерде білмейтін құпиясын бөлісті. Өнер иесі "Мархабат" бағдарламасында он балалы отбасыда өскенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әкем Аллаға шүкір, бар ғой. Біраз кезінде ол кісі балаларына дұрыс көңіл бөле алмады. Біз он болдық. Он баланы асырап, жеткізу ол кісіге үлкен күш болған екен. Тіпті үй бетін көрмейтін. Демалысқа асығып тұрамыз ғой. Ал ол кісі Құдайдың жексенбісінде демалмайтын. Бейнетке жаралған екен. Балаларға, үйге көп көңіл бөле алмаған.

Бір есімде қалғаны, бес жасымдағы оқиға. Ол кезде шағын ұшақпен егістікке дәрі себетін еді. Ол кісі сондай жұмыс істейтін. Мені бір мәрте сол ұшақпен ауылдың төбесінен ұшырғаны естен кетпейді. Сосын ауылдың балаларымен зообаққа әкелгені есімде. Кейін мен домбыра тартып, ән айта бастағанда өзімен бірге тойға алып жүретін", - деді Заттыбек Көпбосынұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046274-beinetke-zaralgan-eken-zattybek-kopbosynuly-akesi-zaily-zan-syryn-aqtardy/

pixel