Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі біз ойлағандай болмайды екен": Әнші Алан Черкасов сәтсіз аяқталған некесі жайлы айтты

Опубликовано:

Алан Черкасов сұхбат беруде
Алан Черкасов сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/The DS` Show

Отандық танымал әнші Алан Черкасов сәтсіз аяқталған некесі жайлы жан сырын ақтарып, бұрынғы әйелі Анастасия Клещенкомен қарым-қатынасы қандай екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі бұрынғы әйелімен ажырасып кетсе де, жақсы қарым-қатынас сақтап қала алған. Олар ортақ қызы үшін әркез хабарласып, араласып тұратынын жеткізді.

Алан Черкасов некесі нақты не себепті аяқталғанын ашып айтқысы келмеді. Бірақ Анастасия Клещенко екеуінде үлкен махаббат болғанын мойындады.

"Ертең не боларын білмейміз ғой. Өміріміздің соңына дейін осы адаммен боламыз деп таңдау жасаймыз. Бірақ бәрі біз ойлағандай бола бермейді екен. Ажырасудан кейін біз жақсы қарым-қатынасты сақтап қала алдық. Ең бастысы - біз ата-анамыз. Біздің тәтті қызымыз бар. Мен оны қатты жақсы көремін. Өмірдің ыстығын да, суығын да көрдік. Жақсы күндеріміз де, жаман күндеріміз де болды. Бұл - тәжірибе. Мен оны ұмытпаймын. Кейін қызым ер жеткенде оған бәрін түсіндіремін. Өмірімізде қиын кезеңдер болса да, оны қатты жақсы көретінімді айтамын.

Балалар өмірге бекерден бекер келмейді. Әсіресе менің сұлу қызымдай балалар үлкен мағаббаттан туылады. Бізде де үлкен махаббат болды. Бірақ тағдыр солай болды. Уақыт өте келе адамдар өзара түсіністікті жоғалтып алатын сияқты. Сол себепті, бір-бірін қинамай, нүктесін қойған жөн. Қазір қарым-қатынасымыз жақсы. Баламыз үшін барымызды саламыз", - деді әнші "The DS` Show" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046282-bari-biz-oilagandai-bolmaidy-eken-ansi-alan-cerkasov-satsiz-ayaqtalgan-nekesi-zaily-aitty/

pixel