Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш отбасын асырап отыр": Саят Медеуов ел арасында тараған қауесетке пікір білдірді

Жарияланған күні:

Саят Медеуов
Саят Медеуов. Фото: instagram.com/sayat_medeuov_888

Әнші Саят Медеуов желіде жеке өміріне қатысты тараған қауесетке пікір білдірді. Өнер иесі NEGE.KZ сайтына берген сұхбатында әйелін де көпшілікке көрсетуді жоспарламағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сайт тілшісі әншіден "Сізді "үш отбасын бірдей шашауын шығармай, асырап отырған азамат" деп естиміз. Осы рас па?", - деп сұрады.

Ал әнші отбасына қатысты сауалға жауап бергісі келмейтінін айтты.

"Әркімнің жеке өмірі бар. Керек десеңіз, қазақ тіпті баласының санын да айтпаған. Сондықтан жеке өміріме, отбасыма қатысты сауалдарға жауап бергім келмейді", - деді әнші.

Сонымен қатар өнер иесі әйелін де көпшілікке көрсеткісі келмегенін, алайда, туған күніндегі суреттің желіге тарап кеткенін айтты.

"Отбасымды, жарымды жарнамалайын деген ой болмады. Әріптестерім туған күн кешінде бірлесе суретке түсіп, әлеуметтік желіге салған соң тарап кеткен ғой", - деді әнші.

Айта кетейік, осыған дейін Саят Медеуов 50 жас мерейтойын атап өтіп, көпшілік әншінің жұбайын алғаш рет көрді.

Сондай-ақ мерейтойда Саят Медеуовке өнердегі әріптестері көлік сыйлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046283-us-otbasyn-asyrap-otyr-sayat-medeuov-el-arasynda-taragan-qauesetke-pikir-bildirdi/