"Он есе өзгердім": Ақерке Бүркітбай ана болған қандай екенін айтты
Жарияланған күні:
"Асыл" тобының солисі, қобызшы Ақерке Бүркітбай ана атанғалы өмірінде орын алған өзгерістері жайлы сөз қозғады. Өнер иесі сәбилі болғалы ішкі жан дүниесі үлкен өзгергенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ақерке Бүркітбай Instagram парақшасында жазба жариялап, өз ішкі сезімін жеткізген.
Бүгінде Әли Оқапов екеуінің ұлы Зейн 9 айға толған. Өнер иесі осы аралықта ана ретінде жинаған тәжірибесімен оқырмандарымен бөлісуді шешкен.
"Ата атанғалы он есе өзгердім. Қалай? Қай жағынан? Ана атанғалы менде әрбір эмоция 10 есеге өсті. Қуаныш, уайым, таңғалу, мақтан тұту, шкі сезім, мотивация, өмірге деген құлшыныс еселенгені ерекше сезіледі. Ана болу – керемет сезім.
Бүгін Зейін батырымыз 9 айға толды. Тәтті қылықтары шығып, бізді қуантуда. Өзі отырып, балдай тәтті тілі былдырлап шығып та келе жатыр. Сонымен қатар балапанымыздың төртінші тісі шығып келе жатыр. Жалпы, саяхаттау туралы, бала күтімі жайлы, баланы дұрыс тамақтандыру жайлы түрлі тақырыпта жүректен шыққан ерекше сезімдеріммен және аз да болса тәжірибеммен жиі бөліссем деймін. Ол үшін Сіздердің тараптарыңыздан маған кері байланыс болса болғаны", - деп жазды әртіс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046294-on-ese-ozgerdim-aqerke-burkitbai-ana-bolgan-qandai-ekenin-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.