Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төрт бөлмелі пәтер сыйлады": Блогер Мерей Әбіловаға қымбат сыйлық тарту етілді

Опубликовано:

Мерей Әбілова мен Димаш Қашкен
Мерей Әбілова мен Димаш Қашкен. Фото: Instagram/abilovva_m

Жақында ғана ұзатылған Мерей Әбілова күйеуі екеуі Алматыдан төрт бөлмелі пәтерге ие болғанын хабарлады. Қайын атасының досы асқан жомарттық танытып, жас жұбайларға осындай бағалы сыйлық жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мерей Әбілова бұл қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөліскен. Блогер бұндайды сыйлықты мүлдем күтпегенін айтты.

Қайын атасының досы шаңырақ көтеріп жатқан жастарға құдалық кезінде төрт бөлмелі пәтердің кілтін табыстаған.

"Әкеміздің жақын досы бізге Алматыдан төрт бөлмелі пәтер сыйлады. Құттықтай берсеңіздер болады", - деп жазды Мерей.

Айта кетейік, жақында Тараз қаласында Мерей Әбілованың ұзатуы тойы дүркіреп өткен болатын. Күйеужігіт сүйіктісін Алматыдан ұшақпен алып қайтты.

Енді алдағы уақытта жастардың үйлену тойы өтпек. Блогер ару маңызды күнге дайындық жоғары деңгейде өтіп жатқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046432-tort-bolmeli-pater-syilady-bloger-merei-abilovaga-qymbat-syilyq-tartu-etildi/

pixel