Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жартылай жалаңаш суретін жариялаған актер Еркебұлан Тоқтар көпшіліктің сынына қалды (фото)

Опубликовано:

Еркебұлан Тоқтар
Еркебұлан Тоқтар. Скриншот: Қызық live бағдарламасы

Отандық актер Еркебұлан Тоқтар қазіргі уақытта Голливудта түсірілімде жүр. Өнер иесі Лос-Анджелес қаласынан сурет жариялап, көпшіліктің сынына қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Армандар орындалады. Осыдан он жыл бұрын қазақстандық фильмдерде арнайы қатысқан топта (массовка-ред.) ойнадым. Сол кезде қазақстандық фильмде ойнасам деп армандайтынымын.

Бұдан бөлек, көпшілікке айтуға ұялатын арманым болды. Ол - Голливуд. Адамдар күледі деп ойлайтынмын. Достар, мен Голливудтамын. Бүгін түсірілім жұмыстарымен келдім. Армандадым. Сол арманыма Алла жеткізді", - деді видеода актер.

Ал кешірек Еркебұлан Тоқтар терезе алдында тек сүлгі оранып тұрған суретін Instagram парақшасында жариялады.

Желі қолданушылары актердің бұл әрекетін сынға алды.

"Күннен күнге шешініп жатырсың ғой", "Ұят қайда?", "Бүкіл ел қарайды", "Киім киіп жүрші", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046573-zartylai-zalanas-suretin-zariyalagan-akter-erkebulan-toqtar-kopsiliktin-synyna-qaldy-foto/

pixel