Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көз тиеді деп қорқатын": Айжан Нұрмағамбетова марқұм әкесін есіне алды

Опубликовано:

Айжан Нұрмағамбетова сахнада
Айжан Нұрмағамбетова. Фото: instagram/aizhan_nurmagambetova_official

Қазақстандық танымал әнші Айжан Нұрмағамбетова марқұм әкесін есіне алып, желіде оған жазба арнады. Әншінің сөзінше, бастапқыда әкесі оның өнерге келуін құптамаған. Алайда кейіннен қызының жанын түсініп, оған ақ батасын берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Нұрмағамбетова әкесі жайлы естелігін Instagram парақшасында бөлісті. Айтуынша, әкесі өнерлі қызына көпшіліктің көзі тиеді деп қорыққан.

"Әкем менің өнеріме аса қатты көңіл бөлмейтін, жай хобби ретінде көруші еді. Кейін әншілік өмір, "Гүлдер" ансамбіліндегі жұмыс басталып кетті, гастроль дегені тағы бар. Ансамбльмен бір апта үйде болсақ, үш айлап гастрольде болатынбыз. Кейін әкем менің жан қалауымды түсінді, ақ батасын берді. Әкем менің Қырғызстанда түсірілген фильм концертімді және "Тамаша" театрінің мерейтойлық концертінде әйгілі "Мен деп ойла" әнін шырқағанымды көріп кетті.

Әлі есімде, әкем сол концерттен кейін маған келіп, "Қызым, жарқырамашы қорқамын" деді. Қолдау көрсететін аға-көкең жоқ, көз тиеді, сөз тиеді деп қорқатын. 1994 жылы әкем дүниеден озды. Жаның жәннәта болсын. Кейін 1995 жылы "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі" атағын берді.

Сонда мен жолдасымнан мені әкемнің басына апаруды өтіндім. Моласының алдында тұрып, "Міне, әке, қарашы, аға-көкем болмаса да, осы атақты алдым" деп құжатты көрсеттім. Бүгінге дейінгі жетістіктерімнің бәріне өз еңбегіммен, өз күшіммен жеттім деп сеніммен айта аламын. Бастысы әкемнің ризашылығын алдым! Әке, сізді жақсы көремін", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046580-koz-tiedi-dep-qorqatyn-aizan-nurmagambetova-marqum-akesin-esine-aldy/

pixel