Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолын бермей қойған кезі болды": Талғат Жорабаев бұрынғы жездесі Сәбит Әбдіхалықовпен қандай қарым-қатынаста екенін айтты

Опубликовано:

Талғат Жорабаев
Талғат Жорабаев. Видеодан кадр: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасы

Әнші Талғат Жорабаев әпкесінің бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен қазір қандай қарым-қатынаста екенін айтты. Өнер иесі "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында Алтынай Жорабаеваның қыздарын әкесінен бөлмейтінін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі әншіден "Алтынай Жорабаева қыздарын әкесімен араластырады ма?", - деп сұрады.

Ал Талғат Жорабаев Алтынай Жорабаеваның қыздарына әкесін ешқашан жамандамағанын айтты.

"Иә, араласады. Алтынай әрқашан жіберіп тұрады. "Жағдайын сұраңдар" дейді. Бауыры болғасын Алтынайдың жанында көбінесе мен болдым ғой. Қанша ұрысса да, қыздарын әкесіне ешқашан қарсы қойған емес. "Жағдайын сұрап тұрыңдар. Барыңдар. Ауырса, хәлін сұраңдар. Қандай болса да, әкелерің" дейді.

Өзім Сәбитпен көріп қалғанда, сәлеміміз түзу. Көргенде амандасқан кезіміз болды. Амандасқан кезде қолын бермей қойған кезі болды. Ол өзінің санасындағы дүние. Мен барынша кішіпейіл болуға, тәрбиелі екенімді көрсетуге тырысамын. Етене араласу, сәбилі болуымен құттықтау деген жоқ", - деді Талғат Жорабаев.

Естеріңізге сала кетейік, Алтынай Жорабаева осыдан бірнеше жыл бұрын бірінші жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасқан болатын. Төрт қызымен қалған әнші 2020 жылы қайта тұрмысқа шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046601-qolyn-bermei-qoigan-kezi-boldy-talgat-zorabaev-buryngy-zezdesi-sabit-abdixalyqovpen-qandai-qarym-qatynasta-ekenin-aitty/

pixel