Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлі қарындасына демеу болып, Түркияға ұшып барды (видео)

Опубликовано:

Төреғали мен Толқын
Фото: Instagram/toregalitoreali

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі қазіргі уақытта денсаулығын тексертіп жатқан қарындасына қолдау білдіріп, Түркияға ұшып барды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ұлы дала баласының" Түркияға аттанғаны жайлы Instagram желісінен белгілі болды. Фариза Төреәлі аға-жеңгесімен қауышқан сәттінен видео жариялап, оларға алғысын білдірді.

Айтуынша, ағасы мен жеңгесі Түркиядан жақсы дәрігерлерді табу жолында көп көмектескен.

"Ешкімге айтпай ағам мен жеңгем ұшып келіпті. Шексіз ризамын сіздерген. Қанша күннен бері ең жақсы клиника мен дәрігерді табу үшін бәрін жасапты. Алматыда да бармаған жерлері жоқ. Оның барлығын енді ғана біліп жатырмын. Тек Дарханмен байланыста болыпты. Астанада Дархан біраз жерге барған, Алматыда олар. Болмағасын шетелді қарастырып, бірнеше күнде бәрін жасапты. Раббым бәрінің сәтін салып тұр. Оның доспары қашанда хайырлы. Жақындарымның қолдауы қандай күш береді, шіркін. Тек шексіз алғыс, қатты жақсы көремін.

Айта кетейік, бұған дейін Фариза Төрәлі өкпесін тексеру үшін өзіне ота жасалатынын хабарлаған болатын.Қазіргі уақытта Төреғалидің қарындасы Түркияда онкология бойынша тексеріліп жатыр. Айтуынша, нейроэндокринді ісікке күдік бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046603-toregali-toreali-qaryndasyna-demeu-bolyp-turkiyaga-usyp-bardy-video/

pixel