jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Атыма біртүрлі қарайтынмын": Дулыға Ақмолда есіміне қатысты қызықты жайтты айтты

    Дулыға Ақмолда
    Дулыға Ақмолда. Видеодан кадр: Youtube/Jibek Joly TV

    Отандық танымал актер Дулыға Ақмолда өз есіміне қатысты көпшілік білмейтін жайтты ақтарды. Өнер иесіне бұндай ерекше есімді атасы берген екен. Алайда ол бала кезінде өз атына үйренісе алмай жүрген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Дулыға Ақмолда "Түнгі студия" бағдарламасында өз есіміне қатысты қызықты жағдайларды айтып берді. Актер кезінде біреумен танысқанда атын бірнеше мәрте қайталап айтуға мәжбүр болған.

    Кейбір ұстаздары оны Дуғыла деп атаса, тағы бірі Шұғыла деп айтады екен.

    "Менің атымды атам қойған. Бала кезімде Дулыға деген атқа біртүрлі қарайтынмын. Адамдармен танысқанда атымды төрт рет қайталайтынмын. Театрға келген кезімізде де апайларымыз атымды атай алмай қалатын. Хадиша Бөкеева біздің үлкен ұстазымыз мені Дұғыла деп кетті. Біреулер Шұғыла дейді. Менің атымды мың құбылтады. Бір ағайым Дуглас дейді. Кейінгі жастар Ду аға деп кетті.", - деді ол.

    Алайда кейіннен өнер иесі білікті адамдардан атының шығу тарихын біліп, атасы өзіне жақсы есім таңдағанын түсінген.

    "Дулыға деген батырдың бас киімі ғой. Кейін атама риза болдым. Себебі Алматыға келіп, көпті көрген адамдармен таныса бастадық. Тұрсын Жұртбаев ағамыз "Дулыға" деген екі томдық кітап жазған. Сол ағаммен бір кездесіп қалғанда Дулыға деген сөздің шығу тарихын айтып берген. Сол кезде ғана атамыз атымды дұрыс ұойған ғой деген ой келді", - деді актер.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.