Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дәстүр үшін дауға қалдым": Абай Бегей құдалық кезіндегі әрекетін түсіндірді

Опубликовано:

Абай Бегей мен жұбайы
Абай Бегей мен жұбайы. Скриншот: instagram.com/niyazkulova_erke

Отандық танымал әнші Абай Бегей ұлының құдалығы кезінде не үшін көрпеге аунағанын түсіндірді. Өнер иесінің құдалықтағы видеосы желіде тарап кетіп, бірден қызу талыға түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Абай Бегей құдалық кезіндегі әрекеті кейбір жандарға ұнамай қалғанын жеткізді. Тіпті әншіге ақтаулық достары ренжіген көрінеді.

"Фариза екеумізді көрпеге аунатқан видеомыз әлеуметтік желіге таралып кетті. Қаншама пікір жазылып жатыр. Ақтаулық достарым "бізде мұндай салт жоқ, қайдан шығарып жүрсің" деп ренжіді. Өз басым осындай дәстүр барын білетінмін, батыс өңірінде жоқ болғасын мән беріп, зерттемеген едім. Оңтүстік өңірде бар екен. Қазақтың ежелгі дәстүрінде де болған. Кейін уақыт өте келе қолданыстан шығып қалған", – деп айтты ол "Жұлдызды Weekend" бағдарламасында.

Шымкенттен келін алған өнер иесі оңтүстік өңірдің салтынан аттап кете алмағанын түсіндірді.

"Маған ешкім ондай салт-дәстүрдің барын және ол сол жерде жасалу керегін ескерткен жоқ. Видеода да ыңғайсызданып қалғаным көрініп тұр. Бірақ келінімнің 85-ке келген әжесі отыр, жасы мен жолы үлкен құдағайларым отырғасын солардың алдында шалқаймайын дедім. Бірақ ешқандай ұят болатындай әрекет жасамадым. Ерсі қылық, артық қимыл болған емес. Тек қазақтың ескі-салт дәстүрі деп қабылдаңыздар дегім келеді. Артық кеткен болсам, кешірім сұраймын", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046778-dastur-usin-dauga-qaldym-abai-begei-qudalyq-kezindegi-areketin-tusindirdi/

pixel