Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ата-анасы онлайн қосылып, батасын берді": Блогер Әден Марғұлан Парижде некесін қидырды (фото, видео)

Опубликовано:

Әден Марғұлан сүйіктісімен
Әден Марғұлан сүйіктісімен. Фото: Instagram/aden_margulan

Жастар арасында кеңінен танымал блогер Әден Марғұлан Парижде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, бірден отбасылық өмірге маңызды қадамды да сол жерде жасауды шешкен. Ол махаббат қаласында ақ некесін қидырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әден Марғұлан Париж қаласында некесін қидырғанын Instagram парақшасында бөлісті. Блогер жігіт мешіттен сурет пен видео жариялап, оқырмандарының назарына ұсынды.

Қос ғашықтың ата-анасы неке қию сәтіне онлайн түрде қосылып, тамашалап отырған.

"Алланың қалауымен Парижде неке қию бұйырды. Бұйыртса болашақта айтып жүретіндей ерекше махаббат хикаясы болсын дедім. Өзім де таңғалып тұрмын. Қазақстаннан қатты дайындалып келдім. Жансаяға түк айтпай абайка алып, неке куәлікті дайындап, алдын ала ата-анасынан рұқсатын алдым. Жансаяның ата-анасы осылай онлайн отырып, батасын берді.

Некеміз хайырлы болсын! Куәгер достарыма рахмет. Имамға мың алғыс, жүзі жылы күшті кісі екен. Аллаға шүкір осындай ерекше сәттер үшін. Ал, жұғысты болсын", - деп жазды Әден Марғұлан.

Айта кетейік, бұған дейін блогер Әден Марқғұланның Париж қаласында сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, оның "иә" деген жауабын алғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046782-ata-anasy-onlain-qosylyp-batasyn-berdi-bloger-aden-margulan-parizde-nekesin-qidyrdy-foto-video/

pixel