Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Стресстен сақалым түсіп қалды": Тимур Балымбетов имиджін неге өзгертіп тастағанын айтты

Опубликовано:

Тимур Балымбетов ұлымен
Тимур Балымбетов ұлымен. Фото: Instagram/balukz

Отандық танымал жүргізуші Тимур Балымбетов имиджінің өзгеруіне не әсер еткенін ашып айтты. Телепродюсердің сөзінше, сақалы өмірінде болып жатқан жағдайлардан кейін түсіп қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тимур Балымбетов "Қызық Times" бағдарламасында қонақта болып, өмірінде орын алған өзгерістер жайлы айтып берді.

Жүргізуші ел мақтанарлық отағасы болудың өз ақысы бар екенін алға тартты. Ол түн ұйықтамай әйеліне бала қарасып, кейіннен сақалынан айырылып қалғанын жеткізді.

"Оның өз ақысы бар. Қазір бәрі имиджімнің өзгеріп кеткенін байқауда. Бірақ, сақалымның болмай тұрған себебі бар. Мен оны өзім алып тастаған жоқпын. Кейде түнімен ұйықтамайсың, әйеліңмен бірге оянып, бала қарайсың. Солайша, стресстен кейін сақалым түсіп қалды. Шынымен, солай болды. Сақалымды отбасым үшін құрбан еттім", - деді Тимур Балымбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046801-stressten-saqalym-tusip-qaldy-timur-balymbetov-imidzin-nege-ozgertip-tastaganyn-aitty/

pixel