Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұмыт, даусың жоқ деді": Меруерт Түсіпбаева өнерге алғаш қадам басқан кезін еске алды

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Меруерт Түсіпбаева. Видеодан кадр: Youtube/Jibek Joly TV

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Меруерт Түсіпбаева өнер әлеміне алғаш қадам басқан кезін есіне алып, басынан өткен қызық оқиғаны бөлісті. Әнші жас кезінде Роза Рымбаеваға еліктегенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева жастық шағы туралы "Төрлетіңіз" бағдарламасында сыр шертті. Ол әншілікке қалай келгені туралы бар шындықты ақтарды.

"Менің өмірімді өзгерткен ән - "Қимай сені барамын". Мен ол кезде Ғабит Мүсірепов атындағы театрда актриса болып жұмыс істеймін. Сол кезде Төлеген Мұхамеджанов бір қойылымға музыка жазатын болды. Мен муздрама факультетін бітіргендіктен, кастингтен өтіп сол әнді орындайтын болдым. Ол кісі сол сәтте маған сенімсіздікпен өзінде бір ән бар екенін айтты. Бірақ оны нақты маған берем деп айтпады. "Мен бұл әнді бірнеше жас әншіге ұсынып көремін. Айжан Нұрмағамбетова мен Мадина Ералиева сұрап жүр" деді. Менде басқа амал жоқ. Ол кезде сатып алу деген дүние болмаған. Қазір сатып аласың да, айтқызбайсың ғой. Ондай жағдай жоқ", - деді әнші.

Өнер иесі әншілікке бет бұрған кезде басынан өткен қызықты жағдайды айтып берді.

"Біз өнер академиясында жүргенде Роза Рымбаеваға еліктедік. Сол кісі сияқты ән айтуға тырыстық. Ән айт десе Рымбаева сияқты айтып бастағанымда, ана кісі маған "ұмыт, даусың жоқ" деді. Сыбырлап айтуымды сұрады. Неше жыл бойы оқып үйренген техникамды ұмытып, жаңаша түрде ән орындау маған қиын болды. Бірақ, соңында жазып шығардым. Сол әнді "Тамашада" орындау керек болғанмын. Бірақ, тура көйлегімді көтеріп барғанымда тізімде жоқ екенімді білдім. Үйге қайтып бара жатқанымда қалай болғанда да бұл әнге бейнебаян түсіруім керек деп шештім. Сол кезде клип жақсы қаралатын. Клип түсірген әндер хит болатын. Кейіннен Мұхамеджановтың "сыбырлап айт" дегенін түсіндім. Ол вокал арасында ерекшеленіп шыққанымды қалаған екен, - деді Түсіпбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046819-umyt-dausyn-zoq-dedi-meruert-tusipbaeva-onerge-algas-qadam-basqan-kezin-eske-aldy/

pixel