Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш рет кездестік": Абай Бегейдің келіні алғаш рет сұхбат беріп, өзі туралы айтып берді

Опубликовано:

Абай Бегейдің ұлы мен келіні
Абай Бегейдің ұлы мен келіні. Фото: Instagram/badinur_zhalgas

Қазақстандық танымал әнші Абай Бегейдің отбасы тағы бір адаммен толықты. Жұлдызды әулетке Бадинұр есімді келін түсті. Әншінің ұлы жарымен бірге алғаш рет сұхбат беріп, махаббат хикаясымен бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Абай Бегейдің ұлы Жалғас келіншегімен кездеспей тұрып-ақ оның өмірлік жары болатынын білген. Ол үшінші кездесуінде сүйіктісіне әкесімен танысқысы келетінін айтқан.

"Шілде айында әлеуметтік желіде таныстық. Тек онлайн түрде танысып жүрдік. Тамыздың бірінде Алматыға келдім, мені күтіп алды. Үшінші тамыз күні "папаңмен танысуға барайын, сені алғым келеді" деді. Ойлана келе, жетінші тамыз күні әкеммен танысуға бардық. Әкем "бір- біріңді әлі көп білмейсіңдер, жүре тұрындар" деді. Сөйтіп араға он күн салып, 17 тамызда бізде тәтті шәй болды. Бізде бәрі солай тез болып кетті. Осы үйдегі әкем мен анам негізі қыркүйек айы деген еді. Оған менің отбасым үлгермейтін болып, қазан айына белгіледік", - деп ағынан жарылды Абай Бегейдің келіні.

Жалғастың әйелі Шымкенттен көпбалалы отбасыдан шыққан. Бадинұр жоғары оқуды аяқтап, Алматыда жұмыс істеуге ниетті болғанын айтады. Алайда ол жұмыс істеп үлгермей, келін атанып кетті.

"Өзім Шымкенттенмін. Үйде бес қызбыз. Әпкем мен үш сіңілім бар. Шымкентте мектеп тәмамдап, Алматыға оқуға келдім. Жолдасым екеуіміз де бір жылда оқу бітіріп, диплом алдық. Оқу аяқталған соң, Алматыда жұмыс істеймін деп қалғанмын. Басында үш кездесіп алайын деп әзілдесетін. Мен оны қалжың ретінде қабылдадым. Бірақ уақыт өте келе Алла бәрін сездірді. Бұйырып тұр солай", - деді Бадинұр "Жұлдызды Weekend" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046833-us-ret-kezdestik-abai-begeidin-kelini-algas-ret-suxbat-berip-ozi-turaly-aityp-berdi/

pixel