Жахан Отарғалиев анасымен қатынасына байланысты сынға жауап берді (фото)
Жарияланған күні:
Актер Жахан Отарғалиев бірнеше күн бұрын анасын ауруханадан шығарып алды. Өнер иесі әлеуметтік желіде өзін сынаған оқырманына жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желі қолданушысының бірі актерге "Жасың 40-қа келіп, әлі "мамалап" отырсың ба?", - деп жазған.
Ал өнер иесі басынан өткен қиын кезеңнің бәрінде анасы жанында болғанын айтты.
"80 жасқа келсем де, "мамалаймын". Маған жан баласы сенбеген кезде, бірінші болып сенім білдірген - анам. "Сенің қолыңнан ештеңе келмейді" дегенде, "Менің баламның қолынан бәрі келеді" деген де - анам.
Ең жақын адамдарым тастап кеткенде, "Ешнәрсе етпейді. Сен мықтысың" деген де - анам. Мен анама еркелеп, бәрібір айтқанын тыңдап өтемін", - деп жазды Отарғалиев Instagram парақшасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046834-80-ge-kelsem-de-mamalaimyn-zaxan-otargaliev-ozin-anasy-usin-synaityndarga-zauap-berdi-foto/