Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі Жанаттың еңбегі": Марқұм әйелін еске алған Абай Бегей көз жасын тыя алмады (видео)

Опубликовано:

Абай Бегей жылап қалды
Абай Бегей жылап қалды. Видеодан кадр: Youtube/Жетінші арна

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Абай Бегей марқұм әйелін есіне алып, бүгінгі жеткен әр жетістігіне келіншегі Жанат себепкер болғанын айтты. Өнер иесі балаларының анасы туралы сыр шертіп, көзіне жас алып қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Абай Бегей "Жұлдызды Weekend" бағдарламасында марқұм әйелі жайлы жан сырын ақтарып, сұхбат кезінде көз жасын тыя алмады.

Әнші бүгінгі жетістігіне келіншегі Жанаттың қосқан үлесі елеулі екенін атап өтті.

"Әлі қатты танымалмын деп айтпай-ақ қояйын. Бірақ осы танымалдылығыма себепкер Жаннаттың еңбегі, шыдамдылығы десем де болады. Мен шаршаған кезде әрқашан қолдап, "сен сахнаға шығуың керек" деп демеу болатын. Бәрі сол Жанаттың еңбегі. Мені жоқтатпай, балаларға өзі қарады. Сол кезде өзі дағдарыс кезі еді. Сол уақытта біраз көмегін тигізіп, 90 пайыз Жанаттың арқасында алаңсыз жүрдім. Алматыда екі-үш айлап қалып қалатын кездерім болды.

Ұлымның тойын да Жанатты еске алып, құранмен бастайықшы дедім. Ұлымның анасына арнаған хаты балаларымның ойы болды. Мен оларды қолдадым. Ана деген қашанда естен кетпейді ғой. Кеше баламның жазғанын тыңдап жылап алдым. Өмір бар жерде өлім де бар. Мен бәрін түсінемін, балаларымды да түсінемін", - деді Абай Бегей.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046881-bari-zanattyn-enbegi-marqum-aielin-eske-algan-abai-begei-koz-zasyn-tyya-almady-video/

pixel