jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "700 адам дәм татты": Роза Әлқожа ұлының үйлену тойы қалай өткенін айтып берді

    Роза Әлқожа
    Роза Әлқожа. Фото: instagram.com/roza_alqozha

    Отандық танымал әнші Роза Әлқожа ұлы Бейбарыс Қабаның үйлену тойына қатысты бірқатар қызықты жайтты айтып берді. Өнер иесінің сөзінше, дүбірлі тойға жоспарланған 500 адамның орнынан 700 адам дәм татқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Роза Әлқожа той кезінде орын алған қызықты жайттарды Instagram парақшасында ақтарды. Әнші беташарға арнайы асаба болу керектігін ескермей, ұмытып кеткен. Алайда бұл мәселені әпкесінің орнына Әбдіжаппар Әлқожа ойластырып, ұйымдастырып қойған екен.

    Өнер иесі тойға атсалысқан інісіне және оның жұлдызды достарына алғысын білдірді.

    Сондай-ақ Роза Әлқожа тойға өзі күткен екі әнші келмегенін де айтты. Бірақ әртіс олардың атын атамады.

    "Ешкімнен ештеңе дәметпей, бергендерге береке тілеп, әкелгендерді сандыққа сүңгітпей, несібесі деп қарап неше күн тойлаттық. Беташарды бөлек, құдалықты үйде, тойды өз алдына жеке өткіздік. Жоспарланған бес жүз адамның орнынан жеті жүз адам дәм татты! Айтайын дегенім - мен өз уақытында өз ортасында жүре алмаған, көшке кеш қосылған өнерпазбын ғой. Беташарда асаба болатынын ойламапын. Әнші керегін де аңғармағанмын. Әбдіжаппар өзі іштей ұғынды-ау деймін, үнсіз бәрін реттеді.

    Тойда да нағашысының ниеті биледі. Мен өзім күткен екі әнші келмеді. Алланың бұйрығы деп "қолды жібере салғанмын!". Осы жазбамда арнайы ініме алғыс айтқым келді. Оның достарына рахмет! Ерлан Төлеутай, Сәуле Жанпейісова, Мирас аға мен Құралай әпке бастап, Заттыбек ағам қыздырған тойды Қайрат пен Төреғали, Ғазизхан мен Нұрболат көтеріп кетті. Алла разы болсын! Нұрбол Пайызов досым сөзден жаңылмай сауатты бастаған тойды Ерасыл мен Ертай көңілдендіріп, көркемдеп берді. Нұржан Аташ бастаған жігіттер өз тойында жүргендей қызметте болды. Үлкен мен ортаның ортасы кішінің қуанышын солай атқардық. Бар жанашыр, тілеулеске тәңір еселеп берсін", * деп жазды Роза Әлқожа.

    "700 адам дәм татты": Роза Әлқожа ұлының үйлену тойы қалай өткенін айтып берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.