"Әзірге көрмейсіздер": Жарқынай Ханайым жеке өміріне қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Жарқынай Ханайым жеке өміріне қатысты бар шындықты ақтарды. Бірінші некесі сәтсіз аяқталған өнер иесі әлі де арқа сүйер азаматын таппағанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жарқынай Ханайым Instagram желісінде оқырмандарын қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берген. Олардың бірі әншінің жеке өмірі жайлы білгісі келген.
"Қарым-қатынасқа әлі дайын емеспін. Махаббатқа толы фото мен видеоларды әзірге көрмейсіздер", - деп жауап қатты ол.
Сондай-ақ актриса үйіндегі жөндеу жұмыстарына қатысты қойылған сұраққа жауап берді.
"Шаршадым. Жаңа жылға дейін үлгермеймін-ау деп қорқамын. Себебі жұмыстарым көп. Кейде Алматыға кетемін. Бұйырғаны болар деп отырмын", - деді Жарқынай.
Сонымен қатар әнші соңғы бейнебаянын түсірер кезіндегі қиындықтарды айтып берді. Жарқынай Ханайым қазан айында суық сұға түсуге мәжбүр болған. Ол көлдегі түсірілімнен кейін екі сағаттай жылына алмағанын жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046984-zaqynda-kormeisizder-zarqynai-xanaiym-zeke-omirine-qatysty-pikir-bildirdi/