Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жанымыз шүберекке түйіліп отыр": Дина Төреәлі әпкесінің жағдайы туралы айтты

Опубликовано:

Фариза мен Дина Төреәлі
Фариза мен Дина Төреәлі: Instagram/tattti_kyz

Отандық танымал блогер Дина Төреәлі Түркияда онкология бойынша тексеріліп жатқан әпкесі Фариза Төреәлінің жағдайын айтты. Төреғалидің қарындасы уайымдап жатқан көпшілікке үндеу жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дина Төреәлі бірнеше күн үнсіздіктен кейін Instagram желісінде халықпен байланысқа шығып, әпкесінің қазіргі жағдайы туралы айтты.

"Сіздерге бір шықпасам өз-өзіме сыйып отыру мүмкін емес болып бара жатқан сияқты. Күндіз-түні келіп жатқан толассыз хаттар, уайымдап шын ниетпен жазып жатқан, дұғада отырған әр оқырманға Алла разы болсын. Бір нақты жауабын күтіп сіздерден де бетер жанымыз шүберекке түйіліп отырғанына бір аптадай уақыт болыпты.

Бәріңіз бір хабар күтіп отырғандарыңызды білемін. Алайда Фаридің анализдерінің жартысы әлі дайын болмады. Соны күтудеміз. Осы жағдай өмірімде орын алған күннен бастап, түйгенім көп. Ішімдегіні айтып бастарымды да білмеймін. Уайымдама деп жазу да, айту да оңай. Бірақ Алламен байланысты дұрыстап, тоқтаусыз дұға еткеннің арқасында жүрек ақырын тыныштық тауып бір жақсылыққа сенуде", - деп жазды блогер ару.

Дина Төреәлінің Stories-i
Дина Төреәлінің Stories-i. Скриншот: Instagram/tattti_kyz

Айта кетейік, Фариза Төреәлі желіде денсаулығы сыр бергенін хабарлап, елді алаңдатып қойған еді. Бүгінде ол Түркияда онкология бойынша тексеріліп жатқанын ашық айтты. Сөзінше, нейроэндокринді ісікке күдік бар.

Төреғалидің қарындасы бірқатар тексерістен соң өзіне ота жасалатынын хабарлаған еді. Түркиялық дәрігерлер блогердің өкпесін толыққанды тексеру үшін операция жасау керектігін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047007-zanymyz-suberekke-tuiilip-otyr-dina-toreali-apkesinin-zagdaiy-turaly-aitty/

pixel